Мәзір
24 ақпан, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

Ұлыбритания Ресейге қарсы ең ауқымды санкциялар пакетін жарияламақ

Санкциялар пакеті қай салаларға қатысты болатынын тарқатып айтпады.

Ұлыбритания Ресейге қарсы ең ауқымды санкциялар пакетін жарияламақ Ұлыбритания Ресейге қарсы ең ауқымды санкциялар пакетін жарияламақ
Фотосурет qazaqtimes.com сайтынан

Бұл туралы Ulysmedia.kz ITV News телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Толығырақ

Мұны Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Дэвид Лэмми мәлім еткен. Оның айтуынша, 24 ақпанда Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін жариялау жоспарланған.
– Қақтығыс басталғалы бері Ресейге қарсы ең ауқымды санкциялар пакетін жариялау жоспарланып отыр. Бұл санкциялар Ресейдің әскери қуатын әлсіретіп, Украинада қырып-жою отын тұтандырып отырған табысын қысқартады, – деп келтірді министрдің сөзін телеарна.
Ұлыбритания сыртқы істер министрі санкциялар пакеті қай салаларға қатысты болатынын тарқатып айтпады.
АҚШ пен Ресей арасында қақтығысты тоқтату бойынша жүріп жатқан келіссөздерден Киевтің шеттетілуі орынсыз екенін алға тартқан Лэмми Лондон «АҚШ және еуропалық әріптестерімен бірге ұзақ мерзімді, әділетті бейбітшілікке қол жеткізу үшін жұмыс істейтінін және Украинаға қатысты мәселеде аталған елдің қатысуы мнідетті екенін» атап өтті.
– Майданда біз Украинаға ең тиімді жағдай жасау үшін жылына 3 миллиард фунт стерлинг көлемінде әскери қолдау көрсетуді жалғастырып, қажет болса Ұлыбритания әскерін бітімгершілік күштер құрамына енгізуге дайынбыз, – деп мәлімдеді ол.
Айта кетсек, Украинадағы соғысты тоқтатуға байланысты АҚШ пен Ресей дипломаттары Украинаның қатысуынсыз кезекті рет келіссөздер жүргізбек. Кездесу 25 қаңтарда Саудия астанасында өтеді деп жоспарланған.

Көп оқылды: