Мәзір
Бүгін, 09:36 / JariaLike / Күн-Жария

FlyArystan ұшағы Павлодарға жетпей, Алматыға кері оралды

20 қазанда Алматы-Павлодар бағытындағы ұшақ межелі қалаға жетпей кері бұрылып, Алматыға оралды.

FlyArystan ұшағы Павлодарға жетпей, Алматыға кері оралды FlyArystan ұшағы Павлодарға жетпей, Алматыға кері оралды

20 қазанда Алматы–Павлодар бағытындағы FlyArystan әуе компаниясының ұшағы межелі қалаға жетпей, Алматыға кері қайтты. Ал Павлодардан Алматыға бағытталған кері рейс тоқтатылды.

Компанияның хабарлауынша, бұған Павлодар әуежайында әуе кемесін мұздануға қарсы өңдеу мүмкіндігінің болмауы себеп болған.

«Ұшу кезінде Павлодарда ауа райы нашарлап, жауын-шашын күтілген. Мұндай жағдайда әуе кемесі ұшар алдында мұздануға қарсы арнайы өңдеуден өтуі қажет. Алайда Павлодар әуежайында мұндай мүмкіндік болмағандықтан, қауіпсіздік мақсатында ұшақты Алматыға қайтару туралы шешім қабылданды», – делінген хабарламада.

FlyArystan жолаушыларға жақын рейске бір рет тегін қайта брондау немесе билет құнын толық қайтару мүмкіндігі ұсынылатынын мәлімдеді.

Компания рейстердің қайта жандануы туралы қосымша ақпарат беруге уәде етті.

Көп оқылды: