Мәзір
Бүгін, 00:38 / JariaLike / Саясат

Киевте Мәскеумен бейбіт келісімге жақындау туралы мәлімдеме жасалды

Киев өкілі Кирилл Буданов Мәскеумен бейбіт келісімге жақындау бар екенін мәлімдеді. Тараптар соғысты тоқтатуға мүдделі болғанымен, келіссөздерде әлі де шешілмеген маңызды мәселелер бар.

Киевте Мәскеумен бейбіт келісімге жақындау туралы мәлімдеме жасалды Киевте Мәскеумен бейбіт келісімге жақындау туралы мәлімдеме жасалды
Сурет: t.me/Kyrylo_Budanov_Official

Украина президенті кеңсесінің басшысы Кирилл Буданов Мәскеу мен Киев бейбіт келісімге жақындап келе жатқанын және соғысты реттеу ұзаққа созылмауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Jarialike.kz DW-ге сілтеме жасап.

Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында Буданов екі тараптың да соғысты тоқтатуға мүдделі екенін айтқан.

Оның сөзінше, Ресей де, Украина да келіссөздер арқылы соғысты аяқтауға ұмтылып отыр. «Олар соғыстың аяқталуы керек екенін түсінеді. Сондықтан келіссөздер жүріп жатыр. Бұл ұзаққа созылады деп ойламаймын», — деді ол.

Буданов Ресейдің соғысты өз ішкі ресурстары есебінен қаржыландырып отырғанын, бұл триллиондарға жететін үлкен шығын екенін атап өтті. Оның пікірінше, бұл да Мәскеуді келісімге келуге итермелейтін факторлардың бірі.

Ол келіссөздерде бастапқыда екі тарап та «максималистік» ұстанымда болғанын, бірақ уақыт өте келе ымыраға келу үшін ұстанымдар жақындай түсетінін айтты. Дегенмен, Донбассқа қатысты нақты келісім қандай болатыны туралы сұраққа жауап бермеді.

Буданов сонымен қатар Ресей армиясы шығындарды толықтырып отыруда қиындық көрмейтінін, ал қажет болған жағдайда 23,5 миллионға дейін резерв жұмылдыра алатынын айтты. Бұл Украина мүмкіндіктерінен әлдеқайда жоғары екенін де атап өтті.

Bloomberg дереккөздерінің айтуынша, келіссөздерде нақты прогресс жоқ, ал негізгі кедергі — Украинаның қауіпсіздік кепілдіктері бойынша ортақ келісімнің болмауы.

Будановтың пікірінше, қазіргі жағдайда екі ғана жол бар: соғыс немесе бейбіт келісім.

Сонымен қатар, Ресей президенті Владимир Путин «Пасха бітімін» жариялап, оның 11 сәуірден 12 сәуірге дейін созылатыны хабарланды.

Көп оқылды: