Мәзір
7 шілде, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

Жедел жәрдем бағытын онлайн бақылау: тұрғындар уайымын да, қоңыраулар жүктемесін де азайтады

Астанада жедел жәрдем қызметі цифрлық жүйеге жаңа қадам жасады

Жедел жәрдем бағытын онлайн бақылау: тұрғындар уайымын да, қоңыраулар жүктемесін де азайтады Жедел жәрдем бағытын онлайн бақылау: тұрғындар уайымын да, қоңыраулар жүктемесін де азайтады
pixabay

СТЕНД-АП: Науқастың туыстары бұрынғыдай 103 станциясына қайта-қайта қоңырау шалып, бригада қайда, келе жатыр ма деп сұрап, диспетчерлерді алаңдатпайды. Шақырту жасалғаннан кейін азаматтың телефонына карта сілтемесі бар SMS-хабарлама жіберіледі. Сол сілтеме арқылы браузерде жедел жәрдем көлігінің қозғалысын бақылауға болады.

ЗКТ: Астанада жедел жәрдем қызметі цифрлық жүйеге жаңа қадам жасады. Енді қала тұрғындары жедел жәрдем бригадасының өздеріне қарай келе жатқан бағытын онлайн бақылай алады. Бұл жаңашыл жоба шұғыл қызметтердің жұмысын барынша ашық етіп, азаматтардың алаңдаушылығын азайтуға бағытталған. Сонымен қатар диспетчерлерге түсетін салмақты едәуір жеңілдетеді дейді ....

СНХ: АЙДАР ҚАСЕНОВ  - ҚР ДСМ Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті директор орынбасарының м.а.

Бұл ыңғайлы, әрі түсінікті. Көліктің келе жатқанын және қай уақытта келетінін көрсетеді. Бұл жаңашылдық жедел жәрдем қызметінің жұмысын ашық етеді де азаматтардың уайымын азайтады және диспетчерлерге түсетін жүктемені төмендетеді. Сондай-ақ, жедел жәрдемнің келе жатқанын алдын ала көру мүмкіндігі азаматтарға дайындалуға көмектеседі, мысалы, ауладағы шлагбаумды ашуға, медициналық құжаттарды дайындауға немесе бригаданы күтіп алуға уақыт береді…. Қазіргі таңда бұл функция Астана қаласын бірінші санаттағы кейбір шақыртулар үшін іске қосылған. Алдағы уақытта бұл сервис еліміздің барлық өңіріне кезең кезеңімен қосылу жоспарлап отырмыз”

ЗКТ: Қазіргі таңда Астананың жедел жәрдем қызметі күніне кемі 6 мың қоңырау қабылдайды екен. Оның 40 пайызы — бригаданың келу уақытын сұраған қайта қоңыраулар. Бұл – диспетчерлер үшін қосымша жүктеме. Бүгінгі таңда республикада жедел медициналық көмек қызметі 20 дербес станциядан, 95 қалалық қосалқы станциядан және 195 аудандық бөлімшеден тұрады. Облыстық және қалалық ЖМЖҚ станцияларында бір ауысымда 1 524 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді, олардың 264-і (17,3%) – мамандандырылған (дәрігерлік), ал 1 260-ы (82,7%) – фельдшерлік бригадалар.

ЗКТ: Бұрын кейбір азаматтар 5-6 рет қатарынан хабарласып, бір жағдайды бірнеше рет айтып, жедел жәрдем станция қызметкерлерінің мазасын ала беретін, ал қазір қалай деген деген сұраққа диспетчер былай деді:

СНХ: НАЗГҮЛ ҚАДЫРОВА – шақырту беру бойынша фельдшер

ЗКТ: Жаңа жүйе Астанада сәтті іске қосылса, алдағы уақытта республиканың өзге аймақтарына да енгізілмек. Әзірге бұл жоба пилоттық сипатта болса да, азаматтар тарапынан оң бағасын алуда. Бұл жүйенің қаншалықты маңызды және шынымен қалай жұмыс істейтінін.... станция басшысы іс жүзінде көрсетіп берді.

ЛАЙФ СНХ: САБЫРХАН МҰРАТҰЛЫ – Астана қаласы Жедел жәрдем станциясының ақпараттық жедел диспетчерлік бөлімінің меңгерушісі

ЗКТ: Бұл бастаманы еліміздің ең ірі мегаполисі – Алматы қаласы да қолдап отыр. Себебі, оңтүстік астанада жедел жәрдем шақыртушылар саны өте көп, ал қала аумағының кеңдігі шұғыл көмек көрсетуді қиындата түседі.

ЗКТ: Ресми мәліметтерге сүйенсек, Алматы қаласында 2 миллионнан астам халық тұрады. Қаладағы жедел жәрдем қызметі күніне шамамен 4000 мыңға жуық  қоңырау қабылдайды, әр диспетчер шамамен 250-300 қоңырауға жауап береді. Қызметте жүрген диспетчер саны 125, оның 15-і аға дәрігер. Ауа райының құбылмалы сипаты, көлік кептелісі мен кейбір аудандардың қала шетінде орналасуы дәрігерлер жұмысына қосымша кедергі келтіреді.

СНХ: ШӘРИГҮЛ ҚАЙЫҢБАЕВА – Алматы қаласы Жедел жәрдем станциясының ақпараттық жедел диспетчерлік бөлімінің аға дәрігері

Бізде Алматы қаласында ақпараттық жедел жәрдем диспетчерлік орталық және 13 қосалқы станциямыз бар. 188 автокөлік қызмет жасайды тәулігіне

ЗКТ: Әлемнің дамыған елдері заманауи цифрлық шешімдерді белсенді енгізгеніне де біраз болды. Пациентке жол тартқан жедел жәрдем көлігінің нақты қай жерде келе жатқандығын және оның қозғалысын картадан бақылау, тіпті жедел жәрдем бригадасы жеткенге дейін алғашқы көмек бойынша нұсқау алу – бұл бүгінде тек артықшылық емес, өмірлік қажеттілікке айналған. Бірнеше елдің тәжірибесі осы бағытта қалай жұмыс істейтінін көрсетіп отыр:

ЗКТ: Бұндай жүйелер әлемнің дамыған елдерінде кеңінен қолданылады:

  • АҚШ-та көптеген жедел жәрдем қызметтері арнайы мобильдік қосымшалар арқылы пациентке келе жатқан бригаданың орналасқан жерін көрсетеді. Pulsara, EMS Tracker сияқты жүйелер медициналық мекемелермен тікелей интеграцияланған.
  • Ұлыбританияда, NHS 111 қызметі науқастың жағдайына қарай жедел көмек көрсететін бригаданың уақытын алдын ала болжауға және олардың қозғалысын қадағалауға мүмкіндік береді.
  • Сингапурда жедел жәрдем GPS негізіндегі нақты уақыттағы карта жүйелерімен толық қамтылған. Әр азамат шақыртудан кейін арнайы қосымша немесе SMS арқылы бригаданың қозғалысын көре алады.
  • Германияда науқаспен байланыс орнатып, жедел жәрдем жеткенге дейін не істеу керектігін нақтылап отыратын жүйелер дамыған.
  • Дубайда Smart Ambulance от Dubai Corporation for Ambulance Services атты сервис жұмыс істейді. Ол арқылы азаматтар жедел жәрдемнің дәл қай жерде келе жатқанын біліп отырады.
  • Ресейде «112 МО» атты жедел желісі мен оның қосымшасы бар.

СТЕНДАП: Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, жедел жәрдем қызметін цифрландыру — бұл жай ғана технологиялық жаңару емес, ол – әрбір минут маңызды болатын жағдайда адам өмірін сақтап қалуға бағытталған нақты шешім. Қазақстанда пилоттық жоба ретінде басталған бұл бастама — денсаулық сақтау саласындағы жаңа кезеңнің бастауы. Жеделдік, ашықтық және сенім – осы жүйенің басты артықшылықтары. Сондықтан мұндай сервистің еліміздің барлық өңірінде қолжетімді болуы – уақыт талабы ғана емес, азаматтардың қауіпсіздігі үшін қажетті қадам.

Бұл материал шешім журналистикасы жанрында Solutions Journalism Lab II жобасы аясында дайындалған және автордың жеке көзқарасын білдіреді.

 

Көп оқылды: