Мәзір
13 мамыр, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

Алматы әуежайында науқас балаға дұрыс көмек көрсетпеген қызметкерден 5 млн теңге өндірілді

Нейрохирургтың қорытындысына сәйкес, бала қозғала алмайтын қалыпта және жатқызылған күйде болған

Алматы әуежайында науқас балаға дұрыс көмек көрсетпеген қызметкерден 5 млн теңге өндірілді Алматы әуежайында науқас балаға дұрыс көмек көрсетпеген қызметкерден 5 млн теңге өндірілді
pixabay.com

Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында халықаралық әуежайынан моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық іс қаралды.

Соттан атап өткендей, талап қоюшы өзінің арызында әуежай қызметкерлері ұшақ Алматы қаласына қонғаннан кейін, оның 2019 жылы туған, науқас баласына мүгедектер арбасын ұсынғанын, алайда, бұл медициналық (дәрігерлік) талаптарға сәйкес келмейтіні туралы көрсеткен.

– Сондай-ақ ішінде реаниматолог- дәрігер мен талап қоюшының жұбайы болған жеке реанимобиль көлігі әуежай аумағына кіргізілмеген. Реанимобильдің орнына, ұшақтан терминалға дейін бала ауыр халдегі жолаушыларға арналмаған, тек мүмкіндігі шектеулі жолаушыларды отырғызу мен түсіруге арналған арнайы техника - амбулифтпен жеткізілген. Осылайша, баланы қауіпсіз әрі медициналық (дәрігерлік) талаптарға сәйкес тасымалдау балаға қамтамасыз етілмеген, – деп хабарлады соттан.

Нейрохирургтың қорытындысына сәйкес, бала қозғала алмайтын қалыпта және жатқызылған күйде болған, медициналық құжаттық бақылауға сәйкес, науқас дәрігердің көмегімен жүзеге асырылуы тиіс.

«Э» есімді әуетасымалдаушы, жолаушының жағдайын біле тұра, әрі тасымалдау шартының барына қарамастан, реанимобильді аймаққа кіргізу қажеттілігі туралы халықаралық әуежай әкімшілігіне хабарламаған. Бұл ауруды тасымалдау талаптарының бұзылуына және медициналық (дәрігерлік) қызметтің тиісті деңгейде көрсетілмеуіне әкеліп соққан.

– Сот әуе компаниясы мен әуежай қызметтері, соның ішінде шекаралық және кедендік бақылау арасында тиісті үйлестірудің болмауы баланың денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін екенін атап өтті. Яғни, шекаралық бақылаудан өту кезінде кератитпен ауыратын баланың көзіне жапсырылған қорғаныш таңғыштар оны суретке түсіру үшін күштеп алынған. Нәтижесінде, келесі күні бала екіжақты пневмоторакспен ауруханаға жатқызылып, ақпан айында көз жұмды,– деп атап өтті соттың баспасөз қызметінен.

Сот шешімімен талап ішінара қанағаттандырылды, «Э» әуе тасымалдаушысынан талап қоюшының пайдасына моральдық зиянды өтеу үшін 5 млн теңге өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Көп оқылды: