Мәзір
10 наурыз, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

«Теңіз» кен орнында 2 адам күкірттен уланды

Бұл деректі Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады

«Теңіз» кен орнында 2 адам күкірттен уланды «Теңіз» кен орнында 2 адам күкірттен уланды
freepik.com

Атырау облысындағы «Теңіз» кен орнында күкірттен уланған 2 адам ауруханаға жеткізілді. 

Оның біреуі ауруханада жатыр. Ал екіншісі емдеу орнына жатудан бас тартқан.

Бұл деректі Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады. 

«8 наурызда «Теңіз» кен орнында күкіртті заттардан улану белгілерімен екі азамат медициналық көмекке жүгінді. Медициналық тексеру нәтижесіне сәйкес бір науқастың жағдайы тұрақты болды. Ол өз еркімен ауруханаға жатудан бас тартты. Сол себептен тұрғылықты мекенжайы бойынша амбулаториялық бақылауға жіберілді. Ал екінші науқас облыстық аурухананың токсикология бөліміне жатқызылды. Қазір науқас қажетті ем-дом қабылдап жатыр. Дәрігерлер науқастың жағдайын тұрақты деп бағалады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ауруханадағы науқастың жағдайын бақылауда ұстап отыр», – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.  

 Kazinform.kz жазуынша, компанияның баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын нақтыламаған. Ал телеграм арналардың бірінде хабарланғандай, сепаратордың фланецті қосылысынан құрамында күкіртсутегі бар газ шыққан. Соның салдарынан ТШО-ның мердігер компаниясының 2 қызметкері уланған. Олар алдымен кен орнындағы клинакада тексеріліп, кейін Атырау қаласындағы ауруханаға жеткізілген. 

 

Көп оқылды: