Мәзір
18 маусым, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

Кәрім Мәсімовтің түрмеде жазасын қалай өтеп жатқаны белгілі болды

Ішкі істер министрі оның жағдайы, денсаулығы жақсы екенін айтты

Кәрім Мәсімовтің түрмеде жазасын қалай өтеп жатқаны белгілі болды Кәрім Мәсімовтің түрмеде жазасын қалай өтеп жатқаны белгілі болды
Фото: informburo.kz

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің түрмедегі жағдайы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Jarialike.kz.

МӘН-ЖАЙ

Министр қазір Кәрім Мәсімовтің денсаулығы, жағдайы жақсы екенін айтты. 

Ол жазасын қалыпты жағдайда өтеп жатыр. Оның жақындары айтқан барлық уәж тексеріліп жатыр. Ресми түрде айтайын, оның жағдайы қалыпты, – деді ведомство басшысы.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салсақ, бұған дейін ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін мемлекетке опасыздық жасады және мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды деген күдікпен қамауға алынған болатын. Сондай-ақ ҰҚК басшысының орынбасарлары – Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де қызметтерінен босатылған.

10 наурыз күні ҰҚК Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты тергеудің алғашқы нәтижелерін көрсетті.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, тергеу барысында Мәсімовтің іс-әрекетінде көптеген сыбайлас жемқорлық белгілері анықталған. Осылайша ол 2023 жылдың сәуірінде 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

ТӘРКІЛЕНГЕН ТҰРҒЫН ҮЙ

2024 жылдың маусымында Мәсімов президент Тоқаевтан кешірім сұрап, рақымшылық жасауға өтініш білдірді, бірақ ол қабылданбады.

Ал жақында ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтен тәркіленген тұрғын үй 2025 жылдың ақпан айында сатуға шығарылып, 1 883 338 958 теңгеге деп бағаланған.

Алайда үй аукционның бірінші сатылымында өтпей қалды. Жылжымайтын мүлік екінші рет наурыз айында сатуға шығарылып, тағы да сатылмай қалды. Элиталық үй сәуір айында тағы да сатылымға шығарылып, құны 282 500 843 теңгеге ғана арзандап, бастапқы баға 1 600 838 115 теңге болып бекітілген еді. 

Көп оқылды: