Кімнің есінде… үйдегілердің дүкенге нанға жұмсайтыны?
Анаң қолыңа ақша ұстатады.
— Екі бөлке нан алып кел.
Сол сәттен бастап сен жай бала емес, отбасының маңызды тапсырмасын орындауға шыққан адамы сияқтысың.
Дүкенге дейінгі жол ұзақ емес. Бірақ қызығы көп. Жолда міндетті түрде таныс біреу кездеседі. Бір жерде доп қуалап жүрген балалар. Бір жерде орындықта отырған әжелер.
Ал ауылдың иттері…
Олар бөлек әңгіме.
Бір көшеде тыныш өтесің. Екінші көшеде жүрегің дүрсілдей бастайды. Өйткені ана үйдің иті бар. Оның қай уақытта жүгіріп шығатынын бәрі біледі.
Қолыңда нанның ақшасы. Өзің батыр болып келе жатырсың. Бірақ қақпаның қасынан өте бергенде аяқ астынан арс еткен дауыс шығады.
Сол кезде әлемдегі ең жылдам адамға айналатынбыз ғой.
Жүгіріп бара жатып артыма қараған сайын ит те қуып келе жатқан сияқты көрінетін. Кейде ол қақпаның ар жағында ғана тұрады. Бірақ сен ауылдың жарты көшесін тоқтамай жүгіріп өтесің.
Дүкенге жеткен соң деміңді бір-ақ аласың.
Нанды алып, қайтар жолда тағы сол ит тұрған көше күтіп тұрады…
Бірақ бұл жолы қолыңда нан бар. Өз-өзіңе сенімдірексің.
Қазір ойласам, біз дүкенге нан алуға емес, күн сайын кішкентай шытырман оқиғаға шығып жүрген екенбіз.
Ал ауылдың иттері…
Олар бүкіл Қазақстандағы балаларды бірдей тәрбиелеген сияқты ғой.