Махаббаттың мезгілдері мезі қып,
Жүдеп жатыр жан дүнием езіліп.
Көкірегімде күзге айналды көріктім,
Көздерімде көктем болып кезігіп.
Сол махаббат барлық ақын жырлаған,
Мезгілдер боп кеп жатады бір маған.
Сол бір сезім, мөлдір сезім суыды,
Жаз боп мәңгі жүрегімде тұрмаған.
Мезгілдерін мендей сезген бар ма адам,
Қалай ғана қыстан қар да қалмаған,
Махаббат па, қыз-бозбала әлсіз бе,
Мезгілдерге төтеп бере алмаған.
Мезгіл сырын, иә, мендей сезді кім,
Танысуға аттанар ем тез бүгін.
Махаббатты сақтай алар жар керек,
Бір кешетін оның барлық мезгілін.
11:42
30.01.2018
МИХ