Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтетін Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады.
Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.
Оның айтуынша, Кремль Қазақстан Президентінің бұл шешіміне ризашылық білдіріп, Мәскеуге жасалатын жұмыс сапарын достықтың белгісі ретінде бағалаған.
Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин арасында кездесу өтеді деп жоспарланып отыр. Мемлекет басшылары екіжақты стратегиялық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылайды.
Сонымен қатар, Ресей президентінің мамыр айының соңында Қазақстанға жоспарланған сапары қарсаңында бірқатар маңызды мәселелер қаралатыны айтылды.
Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған іс-шаралар Мәскеуде дәстүрлі түрде жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оған бірқатар мемлекет басшылары қатысады деп күтілуде.