Көп адамның ойы майда-шүйде деп,
Жаным жүдеп жатыр едім үйге кеп.
Мұңын шақты маған келіп аздаған,
Бір студент мамандығы киновед.
Ол өзінің достарына налалы,
Дейді жастар қайда кетіп барады.
Кино халін ойлайтындар аз, көбі,
Киім іздеп аралайды қаланы.
Шабытына шарт қоятын ұйғарып,
Жазғыштар аз халық үшін қиналып.
Әр күн таңдп жүргенде олар киім алып,
Бұл қазақтан шықпас Қабыш Сиранов.
Сол мезетте бар ақылым миға кеп,
Ол екеуміз ой-пікірді жиған ек.
Қиналмаса, қам жемесе «кино» деп,
Онда олар барып тұрған «Киімовед»
Жастық өтер уақыт шіркін ағылар,
Киімоведтер киімінен жалығар.
Тыңда досым Киноведтік қасиет,
Жаза алатын, айта алатын жаннан ғана табылар.
Мен айтпаймын мүлдем киім киме деп,
Тұлға болсаң, соған лайық си керек.
Айтып тұр ,ой сөздің өзі киіміңді «Ки»-«но!» -деп,
Ең бірінші, ізгі мақсат болу керек «КИНОВЕД»!
Мирас Әбіл 2курс
2013 жыл