Мәзір
31 шілде, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

«Бір күндік неке». Мешітте болған әдепсіздікке ҚМДБ пікір білдірді

Мұндай әрекет мұсылмандыққа жат әрі адамгершілік қағидаттарына да сай емес

"Бір күндік неке". Мешітте болған әдепсіздікке ҚМДБ пікір білдірді "Бір күндік неке". Мешітте болған әдепсіздікке ҚМДБ пікір білдірді
ашық дереккөз

25 шілде күні Ақтөбе қаласындағы «Нұр Ғасыр» мешітінің шығаберісінде белгісіз ер адам жас қызға әдепсіз сөздер айтып, қызға "бір реттік неке" туралы ұсыныс айтқан болатын, деп жазады Jarialike.kz Alash.kz сайтына сілтеме жасап.  

Аталған оқиға видеоға түсіріліп, әлеуметтік желілерде тарайды. Сөйтіп, бұл жағдай қоғамда едуір дау тудырады. 

Даулы оқиғаға 6 күн толғаннан кейін ҚМДБ пікір білдіріп, мәлімдеме жасады. 

"Әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдарында Ақтөбе қаласындағы мешіт ауласында орын алған оқиғаға қатысты түрлі пікірлер таралуда.

Мешіт – құлшылық пен тәрбие ордасы. Онда келген әрбір азамат өзін әдеппен, ізетпен ұстауға міндетті. Ислам шариғатында өзгеге тіл тигізу, орынсыз сөз айту, әсіресе әйел затына қолайсыз пікір білдіру – мұсылман әдебіне сай келмейтін және айыпталатын іс-әрекет.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ақтөбедегі оқиғада қыз балаға орынсыз сөз айтқан азаматтың әрекетін айыптайды. Өйткені мұндай әрекет мұсылмандыққа жат, әрі адамгершілік қағидаттарына да сай емес.

ҚМДБ жамағатты сабыр мен парасаттылыққа шақырып, жалған ақпарат пен арандатушылық әрекеттерге ермеуге үндейді. Қоғамда бейбітшілік пен өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз",- делінген хабарламада.

 

Көп оқылды: