Мәзір
Бүгін, 19:51 / JariaLike / Күн-Жария

Ақтөбеде күйік алған екі теміржолшы жансақтау бөліміне түсті

Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Ақтөбеде күйік алған екі теміржолшы жансақтау бөліміне түсті Ақтөбеде күйік алған екі теміржолшы жансақтау бөліміне түсті
ЖИ көмегімен жасалған

Ақтөбе облысының Шалқар қаласында екі теміржолшы жұмыс кезінде күйік алып, ауруханаға түсті. Қазір екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Зардап шеккендердің бірінің қызы Алмагүл Қасымованың айтуынша, әкесінің денесінің 80 пайызы күйген, тыныс алу жолдары да зақымданған. Ол оқиғаның мән-жайы толық әрі әділ тексеріліп, жауапты тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға берілуін талап етті.

Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясының мәліметінше, оқиға 13 қазанда ҚТЖ-ға қарасты жол дистанциясының екі қызметкерімен болған. Қазір жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеп-тексеру басталды.

«Қазақстан темір жолы» компаниясы да оқиғаны растады. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Көп оқылды: