Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов Алла Тағала ер адамға төрт әйел алуға рұқсат бергенін айтты, деп хабарлайды Jarialike.kz.
Ол бұл пікірін тележүргізуші Әйкерім Есенәліге берген сұхбатында жеткізді.
Шариғи тұрғыда Құранның мәтінімен алар болсақ, бұл – Алла Тағаланың рұқсат берген ісі, жалпы ер адамның төрт әйел ала алуы. Ол мәтіннің жалғасында егер әділдік жасай алмасаңыздар, біреуі жақсы дейді. Енді әділдік жасау деген қиынның қиыны. Маған да «қанша әйеліңіз бар?» деген сұрақ қойылады. Сонда былай деймін: «Аллаға шүкір, төрт әйелге татитын бір әйелім бар. Ал бесіншісі – арам, - деді Ерболат Жүсіпов.