Мәзір
20 ақпан, 2025 / JariaLike / Аймақ

Ақтөбеде оқушылар жаппай тәттіден уланып, ауруханаға түсті

Бүгін ауданға білікті дәрігерлер барды.

Ақтөбеде оқушылар жаппай тәттіден уланып, ауруханаға түсті Ақтөбеде оқушылар жаппай тәттіден уланып, ауруханаға түсті
Фотосурет Sputnik.kz сайтынан

Inbusiness.kz ақпаратынша, Ақтөбе облысында 4-сыныптың 23 оқушысы улану белгілерімен шұғыл түрде ауруханаға түсті.
Оқиға 18 ақпанда Қобда ауданы, Қобыланды батыр атындағы орта мектепте болған.
– Барлығы 23 бала ауруханаға түсті. Сөздеріне қарағанда бір бала белгісіз бір тәттіні мектепке апарып жейді. Ол тәттіні 7 бала жеген. Өзге балаларда кері әсерін берді. Көздері жасаурады, денесі қышып, мазасызданды. Дәрігерлер тексеріп, барлығы 7 баланың асқазанын шайған. Сол күні 2 баланы ата-анасы үйіне алып кетеді. Бүгін ауданға білікті дәрігерлер барды. Олар балаларды тағы бір қарап шықты. Барлығы 9 баланы қалдырды, ертең үйіне шығарылады, – деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Көп оқылды: