Мәзір
19 ақпан, 2025 / JariaLike / Денсаулық

Ақтөбеде науқас әйелге бөлесі бір бүйрегін берді

 33 жастағы науқасқа ота жасалды. 

Ақтөбеде науқас әйелге бөлесі бір бүйрегін берді Ақтөбеде науқас әйелге бөлесі бір бүйрегін берді
Ақтөбе медицина орталығы

Kazinform мәліметінше, Ақтөбе медицина орталығында ағза ауыстыру отасы жасалды. Бұл жолы Атырау қаласының 33 жастағы тұрғыны ем қабылдады. Ол 2022 жылдан бері гемодиализ қабылдайды. 
- Науқасқа 26 жастағы бөлесі донор болды. Донор мен реципиенттің аналары бір туған. Отаны хирург А. Елемесов, Т. Сүйіндіков, анестезиолог М. Қуанышев, медбике А. Махамбеталиев жасады. Ал хирург - трансплантолог Н. Мусин, М. Рысмаханов, Ж. Әлмырзаұлы отаға дайындады. Ота 5 сағатқа созылды. Екі адамның да жағдайы қалыпты, - деп хабарлады Ақтөбе медицина орталығы.
2014 жылдан бері мұнда 81 туыстық бүйрек ауыстыру отасы жасалды. 

Көп оқылды: