Мәзір
6 қаңтар, 2025 / JariaLike / Аймақ

Биыл Петропавлда жаңа автоөткел қолданысқа беріледі

Бұл қаланың көлік қолжетімділігін жақсартуға және тұрғындардың қолайлығы үшін маңызды инфрақұрылымдық нысан.

Биыл Петропавлда жаңа автоөткел қолданысқа беріледі Биыл Петропавлда жаңа автоөткел қолданысқа беріледі
Фото: Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Жұмысшы кентіндегі Универсал көшесі бойында салынып жатқан автомобиль өткелінің құрылысын тексерді. Бұл қаланың көлік қолжетімділігін жақсартуға және тұрғындардың қолайлығы үшін маңызды инфрақұрылымдық нысан. Жоба тек қолданыстағы көпірдің жүктемесін азайтып қана қоймай, қаланың солтүстік-шығыс бөлігіне балама кіреберіс жолды қамтамасыз етеді.

Құрылыс алаңында өңір басшысы орындалған жұмыстар туралы есепті тыңдап, мердігермен қазіргі міндеттерді талқылап, мерзімдер мен сапаның қатаң сақталуына назар аударды. Жаңа нысан биыл қолданысқа берілмек. Көпір құрылысы қыста да жалғасуда. Сонымен қатар, асфальтбетон жабыны, кірме жолдар,  қалалықтардың ыңғайлығы үшін жаяу жүргіншілер жолағы және баспалдақ салынады.

Көп оқылды: