Мәзір
6 ақпан, 2025 / JariaLike / Спорт

Жәнібек Әлімханұлы Қазақстанда чемпиондық атағын қорғайды

 5 сәуір күні екен.

Жәнібек Әлімханұлы Қазақстанда чемпиондық атағын қорғайды Жәнібек Әлімханұлы Қазақстанда чемпиондық атағын қорғайды
Фотосурет Vesti.kz сайтынан

Kazinform мәліметінше, орта салмақта WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чнмпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11КО) кезекті қарсыласы белгілі болды.
Top Rank промоутерлік компаниясының хабарлауынша, Жәнібек Әлімханұлы кезекті айқасын Қазақстанда өткіп, франциялық Анауэль Нгамиссенгуге (14-0, 9КО) қарсы чемпиондық белдіктерін қорғайды.
Айта кетерлігі, жекпе-жек 5 сәуір күні Астана қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.
- Құрметті жанкүйерлер, бұйыртса 5 сәуір Астана қаласында жұдырықтасамыз! Өз елімде, сіздердің алдарыңызда өнер көрсетуді мақсат етіп жүр едім, оған да жеттік! 2 әлем чемпионы титулын қорғаймыз! Qazaq Style-ды ринг қасында, аренада отырып тамашалайсыздар! Жеңісті күнде жүздесейік, - деп жазды Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салсақ, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін былтыр 4қазан күні Аустралияда өткізіп, Жаңа Зеландиялық Андрей Михайловичті тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен тізе бүктірді.

Көп оқылды: