Мәзір
Бүгін, 11:25 / JariaLike / Күн-Жария

Олжас Бектенов энергетика және ТКШ салаларындағы маман тапшылығын шешуді тапсырды

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы кадр тапшылығын жою үшін нақты іс-қимыл жоспары әзірленеді.

Олжас Бектенов энергетика және ТКШ салаларындағы маман тапшылығын шешуді тапсырды Олжас Бектенов энергетика және ТКШ салаларындағы маман тапшылығын шешуді тапсырды
Үкімет

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы кадр тапшылығын жою үшін нақты іс-қимыл жоспары әзірленеді. Бұл міндетті Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту, Энергетика министрліктеріне және өңір әкімдіктеріне жүктеді.

Үкімет басшысының айтуынша, Мемлекет басшысы жаңа электр станциялары мен электр желілерін салу, қолданыстағы нысандарды жаңғырту, сондай-ақ таза көмір генерациясы мен жаңартылатын энергетиканы дамыту міндетін үнемі назарда ұстап келеді.

Осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру үшін энергетика саласына білікті кадрлар даярлау маңызды.

«Кәсіби мамандардың сабақтастығын қамтамасыз ету, практикалық құзыреттерді дамыту, әсіресе атом энергетикасының дамуын ескере отырып, саланың тұрақты кадрлық резервін қалыптастыру қажет», – деді Олжас Бектенов.

Осыған байланысты жауапты министрліктер өңір әкімдіктерімен бірлесіп, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы маман тапшылығын шешуге бағытталған нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеуге тиіс.

Айта кетейік, бұған дейін Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов өңір әкімдеріне көмір мәселесіне қатысты жасанды дүрбелеңге жол бермеуді ескерткен болатын.

Көп оқылды: