Мәзір
3 ақпан, 2025 / JariaLike / Аймақ

ШҚО-да жол апатынан төрт адам көз жұмды

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ШҚО-да жол апатынан төрт адам көз жұмды ШҚО-да жол апатынан төрт адам көз жұмды
Фотосурет ашық дереккөзден

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 1 ақпан күні «Күршім-Қалжыр» тасжолында болған. Lada Granta және Hyundai Santafe маркалы автокөліктер соқтығысты.
- Жол апаты салдарынан Lada Granta жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында тіл тартпай кетті. Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - делінген ақпаратта.
Осы ретте, тәртіп сақшылары көлік жүргізушілерін қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, алыс жолда барынша абай болу қажеттігін ескертті.

Көп оқылды: