Аталған ақпаратпен Inbusiness.kz сайты бөлісті. Соған сүйенсек, Солтүстік Қазақстан облысы Ступинка елдімекенінде өртенген үйден екі ересек адамның және үш баланың денесі табылды.
Оқиға болған жерге СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың тапсырмасы бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов барды.
– Облыс әкімдігі жерлеу рәсімін ұйымдастыру мен өткізуге қажетті барлық көмекті көрсететін болады. Кәмелетке толмаған студентке колледж жатақханасында тегін тұру мүмкіндігі беріледі. Оған қажетті барлық психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ, материалдық көмек көрсету және оқу ақысын төлеу мәселесі шешіледі. Алдағы уақытта тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылады. Жақын туыстарына қамқоршылық ресімдеу мәселесі ерекше бақылауда болады, – делінген хабарламада.