Қайтыс болған отбасы тауда мал баққан. Сондағы үйде 70 және 47 жастағы екі ағайынды, інісінің әйелі мен баласы тұрған.
Жеке тұрғын үйден туысы төрт адамның денесін тапқан. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Өлім себептерін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнына Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, сондай-ақ полиция департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері шықты, — деп хабарлады ТЖД.
Ал қара жамылған отбасының туысы Күлімхан Босқынбаева олардың байланысқа шықпағанын айтты. «Адамдар үйге кіріп қараса төсекте жатыр дейді. 70 жастағы ағасы бір балағын киіп үлгеріп, сол жерде құлапты. Нәресте бесік арбада жатқан екен»,-дейді.