ТЖМ күштері Астанада 300 ш.м. алаңда болған өртті толығымен сөндірді.
Нақтыланған мәліметтер бойынша, үш қабатты ғимараттың 3-ші қабатында сөрелер мен төбе жанған, жалын 2-ші қабаттың сатысына көшкен.
Өртті сөндіруге 19 техника және жеке құрамнан 90 адам жұмылдырылды.
Зардап шеккендер жоқ.
Айта кетейік, бүгін сағат 8.00 шамасында Байқоңыр ауданындағы үш қабатты ғимараттан өрт шыққан болатын.