Мәзір
Бүгін, 05:24 / JariaLike / Спорт

Арсенал ма, әлде ПСЖ ма? 2026 жылғы ЛЧ финалында кім жеңеді

Арсенал 20 жылдан кейін қайтадан Чемпиондар лигасы финалына шықты.

Ал финалда олардың қарсыласы — қазіргі Еуропа футболындағы ең шабуылшыл командалардың бірі саналатын Пари Сен-Жермен болмақ.

Арсенал ма, әлде ПСЖ ма? 2026 жылғы ЛЧ финалында кім жеңеді Арсенал ма, әлде ПСЖ ма? 2026 жылғы ЛЧ финалында кім жеңеді
фото: UEFA.com

Лондон клубы жартылай финалда Атлетико Мадрид командасын екі матч қорытындысында 2:1 есебімен жеңіп, шешуші ойынға жолдама алды.
ПСЖ жартылай финалда Бавария клубын драмалық текетіресте жарыс жолынан шығарды.

Сарапшылардың басым бөлігі бұл финалда фаворит ретінде «Арсеналды» атап отыр. Себебі Микель Артета шәкірттері турнир бойы бірде-бір матчта жеңілмей, небәрі 6 гол ғана жіберген. Команда қорғаныста өте сенімді ойнап келеді, ал Букайо Сака шешуші сәттерде көшбасшыға айналды.

Дегенмен ПСЖ-ның шабуыл шебі де аса қауіпті. Усман Дембеле мен Хвича Кварацхелия бастаған париждік клуб қарсы шабуылда өте жылдам. Оның үстіне ПСЖ — қазіргі турнирдің чемпиондары.

Футбол мамандарының болжамынша, финал тағдырын бір ғана гол немесе пенальти сериясы шешуі мүмкін. Бірақ қазіргі формаға қарайтын болсақ, «Арсеналдың» мүмкіндігі сәл жоғарырақ көрінеді.

 

Болжам:
Арсенал — ПСЖ 2:1

Көп оқылды: