Ол қазір отаға дайындалып жатыр. Кейін ұзақ уақыт ем-дом жасап, күтіну қажет. Мерино – Испания құрамасының маңызды ойыншысы. 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жеңімпазы, Германияға қарсы ойында ширек финалда қосымша берілген уақытта шешуші гол соққан футболшы.
Қазіргі таңда «Арсенал» чемпиондар лигасының 2025-2026 жылғы турнирінде көш бастап тұр: 8 матч – 8 жеңіс, есеп 23:4, барлығы 24 ұпай. Соңғы матчта олар Алматының «Қайрат» командасын 3:2 есебімен жеңді. Гол соққандар: Виктор Дьёкереш, Кай Хаверц және Габриел Мартинелли.