Кеше өткен Барселона – Атлетико Мадрид матчы футбол әлемінде үлкен дау тудырды. Аталған кездесуде төрешілік еткен Иштван Ковач шешімдері көпшіліктің наразылығын туғызған еді.
Матчтан кейін Барселона клубы ресми түрде УЕФА ұйымына шағым түсірген. Шағымды қарастырған УЕФА төрешінің бірқатар шешімдерін әділетсіз деп танып, қатаң шешім қабылдады.
Нәтижесінде, Иштван Ковач енді Чемпиондар лигасы матчтарына тағайындалмайды. Яғни, тәжірибелі төреші Еуропаның ең беделді клубтық турнирінен шеттетілді.
Бұл жағдай төрешілердің жауапкершілігі мен матчтағы әділдік мәселесін тағы да күн тәртібіне шығарды.