Мәзір
Бүгін, 18:11 / JariaLike / Руханият

Карло Гоцци Мирас Әбілдің аудармасында: L’amore delle tre melarance прологынан үзінді

Бұл аударманы Мирас Әбіл 2025 жылы Ақтөбе театрында «Турандот» спектаклін сахналап жатқан режиссер Әлібек Өмірбекұлының ұсынысымен арнайы тәржімалады.

Бұл жарияланымда Карло Гоццидің L’amore delle tre melarance пьесасының пролог бөлімінен үзінді ұсынылады. Аударма түпнұсқа мәтіннің сахналық әуезі мен комедия дель арте рухын сақтай отырып, қазақ тіліне ақ өлең үлгісінде тәржімаланған. Прологтағы жаршының сөзі арқылы театр табиғаты, актер тағдыры және көрермен талғамының құбылмалы сипаты терең ашылады.

Карло Гоцци Мирас Әбілдің аудармасында: L’amore delle tre melarance прологынан үзінді Карло Гоцци Мирас Әбілдің аудармасында: L’amore delle tre melarance прологынан үзінді

Классикалық еуропалық драматургияның көрнекті өкілі Карло Гоццидің «Үш апельсинге махаббат» пьесасындағы пролог көрерменді бірден театр әлемінің ішкі тынысымен қауыштырады. Жаршы бала сахна мен зал арасындағы шекараны жойып, тікелей көрерменмен тілдеседі.

Бұл үзіндіде актер тағдыры, көрермен талғамының құбылмалы табиғаты және театр өнерінің мәңгілік миссиясы өткір әрі ирониялық тілмен өріледі. Аудармада түпнұсқаның ойын-сауықтық рухы сақталып, қазақ тілінің сахналық әуезі мен поэтикалық иірімдері шебер үйлестірілген.

Карло Гоцци L’amore delle tre melarance: прологтан үзінді

Біз малай, сіз құдай көне көз актерлер,
Тұр әне труппа ұяттан қысылып,
Барлығы жиылып, бастарын төмен сап.
Түнерген түрлері, жүдеген жүздері
Жұрт айтқан әңгіме кезіп жүр ой-қырды: 
Шіріген шындықпен, ескірген күлкімен,
Ол бұлар бізді әбден бос сөзбен тойдырды,
Шетінен алаяқ, асқан қу түлкіден.

Жаратқан, атын ант етейін зиялы,
Көрермен көңлінен шықса деп жақсы аты
О олар барын да, нарын да қияды,
Иә, бұл – олардың мызғымас мақсаты!
Бірақ та, ағайын! Бір сәтке бұл жолы,
тыңдағын құлақ сап,Ашуға салмағын 
Екі ауыз сөзім бар айтуға мұрша бер,
Содан соң, сөз сенде, өзің біл қалғанын.

Не жақты сіздерге? Білмейміз біз әлі,
Өнер деп жүргенім қайсыңа ұнады?
қол соғып қарсы алған кешегі қырағы
Ал, Бүгін, ысқырып, пысқырып қуады.
Бұл Талғам дегенің тізгінсіз желге ұқсас
Бірде олай, бір бұлай әр саққа бұрады.
Бір ғана нәрсе анық: жиналса көпшілік
Актердің қарны тоқ, һәм жайлы тұрағы

Карло Гоццидің классикалық пьесасынан алынған бұл пролог үзіндісін Мирас Әбіл түпнұсқа итальян мәтінінен ақ өлең үлгісінде арнайы аударған.

 

Көп оқылды: