Мәзір
Бүгін, 00:15 / JariaLike / Олай емес…

Кездескен кезде ұнамай қалған, Кінәлі жалғыз ерінің

2020 жылдың қазанында, Қызылжардан Астанадаға бара жатқан пойызда түнгі 01:21-де жазылғанын ескерсек, өлеңдегі жол үстіндегі жалғыздық пен ойға шому атмосферасы анық сезіледі. Пойыз терезесінен қараңғы далаға қарап отырып туған өлең сияқты әсер қалдырады.

Кездескен кезде ұнамай қалған, Кінәлі жалғыз ерінің Кездескен кезде ұнамай қалған, Кінәлі жалғыз ерінің

Сен үшін сәулем сынақ болдым ба,
Кешірші, кешір сол үшін.
Сен маған жай-пай ұнап қалдың да,
Ғашық етіппін сені шын...

Кінәлап көрдім өзімді зорға,
Не шығар дейсің онымнан,
Одан да жаным төзімді бол да,
Ұмытшы келсе қолыңнан

Ғашық жүректі жаралай кеткен,
Махаббат қой ол алғашқы...
Мағанда қыздар қарамай кеткен,
Жүрмін ғой қазір жап-жақсы...

Сол жылы... сол жер... жылап-ай қалған,
Кінәлар дейсің сені кім...
Кездескен кезде ұнамай қалған,
Кінәлі жалғыз ерінің

24.10.2020
Қызылжар-Астана.
Пойызда...
01:21

МИХ

Көп оқылды: