Бір ғана сахналық кеңістікте жасалған дүние әр көрерменнің ішінде әртүрлі әлем тудырады. Біреуі одан өзінің ішкі жарасын көреді, біреуі әсемдікті, біреуі үнсіз сезімді табады. Яғни бір қойылым — көп тағдыр. Спектакльдің әрбір бөлшегінде — реквизитте, әуенде, сөзде — үлкен бір жасырын әлем жатыр. Ол әлем ашық айтылмайды, ол сезім арқылы ғана ашылады.
Кейде тұтас бір дүниені түсіндіру үшін сөздің өзі жеткіліксіз болады.
Көрермен белгілі бір нүктеге ғана қарауға міндетті емес. Ол өзін күштеп бір ойға итермелемей, өз ішкі түйсігіне сенуі керек. Қай жерге назар аударғысы келсе — сонда қарайды, нені сезгісі келсе — соны сезеді.
Өнердің шынайы мақсаты да — адамның ішкі еркіндігін ояту.