Мәзір
Бүгін, 04:08 / JariaLike / Күн-Жария

Кімнің есінде… су ұстайтын түндер?

Ауыл тіршілігінің бір бөлігі — кезекпен су ұстау. Түн, фонарик, арық… Балалықтың қырсығы мен өмірдің шындығы.

Кімнің есінде… су ұстайтын түндер? Кімнің есінде… су ұстайтын түндер?
ЖИ көмегімен жасалған

Кімнің есінде… папамыздың су ұстайтын кезегі түнге түсетін күндер? Ең жаман кез сол еді ғой. Қандай күн болса да — суық па, жел ме — бәрібір шығасың. Арықты бекіту керек. Қолыңда фонарик.

Папам алда жүреді. Біз артынан. Қолымызда фонарик ұстап береміз. Бірақ өзіміз жылаймыз, ыңырсимыз. Ұйқымыз келеді. Барғымыз келмейді. Сонда да барамыз.

Су ұстау деген — кезек. Бүкіл ауыл бөлісіп алған. Біреуге кешкісін, біреуге түн ортасы, біреуге таңға жақын тиеді. Сағатпен. Кімнің кезегі — сол шығады. Огородты суғарады… суарады ма… оны біздің жақтағылар ғана түсінетін шығар.

Қараңғы түн. Арықтың суы сылдырап ағып жатады. Папам еңкейіп, судың бағытын бұрады. Ал біз фонарикті ұстап тұрамыз. Жарығы бірде суға, бірде жерге түседі.

Ауыл тым-тырыс. Бәрі ұйқыда. Тек су ғана ағып жатыр.

Сол кездер…
Ең жаман сияқты көрінетін.
Бірақ қазір ойласаң… ең жылы естелік сол болып шығады ғой.

Көп оқылды: