📅 14 сәуір | 🕗 20:00 | 📍 Almaty Arena
Қазақстанда ауқымды мәдени оқиға – «Ғашықпын саған» fest жобасының қорытынды концерті өтпек.
Көрермен ықыласына бөленіп, прокатта 1,3 млрд теңге касса жинаған «Ғашықпын саған» фильмі енді жаңа форматта жалғасын табады. Фильмнің жүрекке жеткен саундтректері арнайы концерттік бағдарламаға біріктіріліп, үлкен сахнада қайта жаңғырады.
«Ғашықпын саған» fest — бұл фильмнің саундтректерінен құралған ерекше концерттік жоба. Бұған дейін жоба Алматы, Астана және Шымкент қалаларында қысқа форматта ұйымдастырылып, көрермендермен жылы әрі жақын атмосферада кездесулер өтті. Концерттерге қатысқан әншілер фильмнің музыкасы арқылы көрерменге ерекше эмоция мен естеліктер сыйлады.
Енді жоба өзінің шарықтау шегіне жетіп, финалдық концертін Almaty Arena сахнасында өткізбек. Бұл жолы кеш бұрынғыдан да ауқымды, әсерлі әрі техникалық тұрғыдан жаңа деңгейде ұсынылады.
Алматы қаласының таңдалуы да кездейсоқ емес. Жоба авторларының айтуынша, фильмдегі үшінші басты кейіпкер — дәл осы Алматы. Қала өзінің ерекше атмосферасы мен көркем болмысымен фильмнің ажырамас бөлігіне айналған. Сондықтан қорытынды концерт дәл осы қалада өтіп, барлық көрерменді бір ортаға жинамақ.
«Ғашықпын саған» fest — бұл тек концерт емес, бұл — сүйікті фильмнің эмоциясын қайта сезінуге мүмкіндік беретін ерекше мәдени оқиға.
🎫 Билеттер: kino.kz
