Мәзір
6 қаңтар, 2026 / JariaLike / Күн-Жария

Атырау облысында жоғалған отбасы: Ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды

Қазіргі уақытта тағы екі жоғалған адамның жүрген жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жалғасуда

Атырау облысында жоғалған отбасы: Ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды Атырау облысында жоғалған отбасы: Ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды
Атырау облысының ПД

Қызылқоға ауданында Атырау облысы аумағында хабар-ошарсыз кеткен  ерлі-зайыптылардың мәйіттері табылды, деп хабарлайды Jarialike.kz.

Қазіргі уақытта тағы екі жоғалған адамның жүрген жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жалғасуда.

Аталған факті бойынша адам өлтіру белгілерімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің жеке басы анықталды. Қазіргі таңда оларды іздеу және ұстау мақсатында құқық қорғау органдары тиісті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.

Әлеуметтік желі қолданушыларын ақпараттың тек ресми дереккөздеріне сүйенуге және расталмаған әрі жалған мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырамыз. Тергеу мүддесіне байланысты қазіргі таңда өзге ақпарат жария етілмейді, - деп хабарлады Атырау облысы полициясы.

Көп оқылды: