Алматылық заңгер ТЮЗ актерлері Гауhар Шарипа мен оның актер күйеуі Мұхитдин Шынтаевтың жантүршігерлік өлімі туралы туралы айтты, деп хабарлайды Jarialike.kz JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Заңгер актерлердің мәйітін көрген. Айтуынша, күйеу баласы қызғаншақ болған әрі қарындасына күн көрсетпей, ұрып-соққан.
Күйеу балам Мұхит қызғаншақ еді. Сол қызғаныштың кесірінен үйде күнде ұрыс-керіс болатын. Қарындасым жасыратын, бірақ сезетінмін, себебі күйеуі көк ала қойдай қылып ұрып тастайтын. Маған көрсетпейтін, бірақ бірнеше мәрте көргенмін.
Сол кездегі заңның жұмсақтығы. Он жыл бұрын болған оқиға ғой. Қазіргідей қатаң емес еді. Сондай ұрып-соғу болғаннан кейін әйелдің құқығы қорғалуы керек еді. Бірақ олай болмады, ақыр соңы қарындасымнан айырылып қалдым. Оқиға театрдың жертөлесі сияқты кішкентай бөлмеде болған. Қойды бауыздағандай, сол бөлменің барлығы қан еді, - дейді заңгер.