Алматы күніне орай кәсіпкер Тұрсын Алагөзов тосын мәлімдеме жасап, спорт жанкүйерлерін елең еткізді, деп хабарлайды Jarialike.kz.
Әлеуметтік желідегі үндеуінде ол 10 күннен кейін өтетін «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы ойынды атап өтіп, жеңіс жағдайында команда ойыншыларына ерекше сыйлық дайындағанын жеткізді.
«Егер «Қайрат» жеңіске жетсе, алаңға шыққан әр футболшыға автокөлік сыйлаймын», – деді кәсіпкер.