«Барселона» клубының және Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Дани Ольмо Сауд Арабиясынан түскен тиімді ұсынысқа қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды Jarialike.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Sport басылымының мәліметінше, «Аль-Кадисия» клубы ойыншы үшін 60 миллион еуро төлеуге дайын болған. Сонымен қатар футболшыға жылына 9,5 миллион еуро «таза» жалақымен төрт маусымға келісімшарт ұсынылған. Қаржылық тұрғыдан тартымды ұсынысқа қарамастан, Ольмо Барселона сапында қалуды жөн көрді.
Клуб жобасына сенім
Испаниялық ойыншы «Барселонаға» 2024 жылы Германияның «РБ Лейпциг» клубынан 55 миллион еуроға ауысып келген. Бұған дейін ол Загребтің «Динамосы» сапында өнер көрсеткен.
Жартылай қорғаушының «Барселонамен» келісімшарты 2030 жылдың жазысына дейін жарамды. Оның нарықтағы бағасы шамамен 60 миллион еуроға бағаланады.
Маусымдағы статистикасы
2025/2026 маусымында Ольмо барлық турнирде 39 матч өткізіп, 8 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген.
Айта кетейік, мамыр айында футболшы 28 жасқа толады.
Сондай-ақ, «Барселона» аңызға айналған шабуылшының 18 жастағы ұлын өз қатарына қосты.