Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёевтің үлкен қызы Саида Мирзиёева Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Jarialike.kz.
Ақпаратты президенттің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов өзінің Telegram-арнасында растады.
Президент әкімшілігінің құрылымына өзгерістер енгізілді. Президент әкімшілігінің басшысы деген лауазым енгізілді. Өзбекстан Республикасы президентінің жарлығымен Саида Шавкатовна Мирзиёева Президент әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды, – деп жазды ол.
Сондай-ақ баспасөз хатшы Өзбекстан басшысы басқа да бірқатар кадрлық тағайындау жасағанын атап өтті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Саида Мирзиёева президенттің көмекшісі қызметін атқарған. Бұл қызметке ол 2023 жылғы 25 тамызда тағайындалған.
Саида Мирзиёева – Өзбекстан президентінің үлкен қызы. 40 жаста.