Өнеркәсіп және құрылыс экс-министрі Қанат Шарлапаев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Jarialike.kz.
Шарлапаев "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Бұл туралы ақпарат KASE қазақстандық қор биржасының ресми сайтында жарияланды.
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның жалғыз акционерінің 2025 жылғы 12 сәуірдегі шешімімен Қанат Шарлапаев директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды", – делінген хабарламада.
Енгізілген өзгеріске сәйкес, енді "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесі жеті адамнан тұрады:
- Олжас Бектенов – директорлар кеңесінің төрағасы, премьер-министр;
- Болат Жәмішев – "Самұрық-Қазына" қорының тәуелсіз директоры;
- Лука Сутера – "Самұрық-Қазына" қорының тәуелсіз директоры;
- Вонг Хэн Фай – "Самұрық-Қазына" қорының тәуелсіз директоры;
- Нұрлан Жақыпов – "Самұрық-Қазына" қоры басқарма төрағасы;
- Мұхаммед Жамиль Әл Рамахи – "Самұрық-Қазына" қорының тәуелсіз директоры;
- Қанат Шарлапаев – Президент көмекшісі.
Еске салсақ, 2025 жылдың 28 ақпанында Қанат Шарлапаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымынан босатылып, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметіне тағайындалған еді.