Мәзір
10 ақпан, 2025 / JariaLike / UNSIZ QALMA

Мәсімовтің Астанадағы сарайы 1,8 млрд теңгеге сатылымға шығарылды

Қайтарылған активтерді басқару компаниясына 2024 жылдың 19 қарашасында берілгенін көруге болады.

Мәсімовтің Астанадағы сарайы 1,8 млрд теңгеге сатылымға шығарылды Мәсімовтің Астанадағы сарайы 1,8 млрд теңгеге сатылымға шығарылды
Фотосурет kaz.inform.kz сайтынан

Kazinform мәліметінше, «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС 2022 жылға қаңтар трагедиясына дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған Кәрім Мәсімовке тиесілі делінетін үйді сатылымға шығарды. 
25 ақпанда сағат 10.00-де басталатын саудаға ресми шығарылатын жылжымайтын мүліктің бастапқы бағасы 1,8 млрд теңге деп көрсетілген.
«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС 2025 жылғы 25 ақпанда сағат 10:00-де E-Qazyna веб-платформасында электрондық сауда өткізілетінін хабарлайды.
- Аукцион аясында Астана қаласы, Нұра ауданы, Қараөткел шағын ауданы, Ерейментау көшесі, 1-құрылыс мекенжайында орналасқан жертөлесі бар тұрғын үй сатылымға қойылады. Нысан барлық қатысушы үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін ашық және бәсекеге қабілетті шарттарда жүзеге асырылады, - деп жазылған компанияның ресми сайтында. 
E-Qazyna веб-платформасында жарияланған құжаттардан нысанның Қайтарылған активтерді басқару компаниясына 2024 жылдың 19 қарашасында берілгенін көруге болады.

Көп оқылды: