Air India әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Үндістанның батысындағы Ахмедабад әуежайына жақын аумақта апатқа ұшырады.
India Today жазуынша, ұшақ бортында 242 адам болған.
Reuters дерегінше, ұшақ Ұлыбританияға ұшып шыққан.
Әлеуметтік желілерде тараған бейнекадрларда ұшақтың тұрғын үйлердің үстінен ұшып өтіп, төмендей бастағаны, артынша жарылыс болғаны көрінеді. Ұшақ құлаған жерден от лап етіп, жалын аспанға көтерілген.
Бортта 230 жолаушы мен экипаждың 12 мүшесі: Үндістанның - 169, Ұлыбританияның - 53, Португалияның - 7, Канаданың бір азаматы болған.
Ұшақ капитанының 8 мыңнан астам сағат ұшу тәжірибесі болған. Екінші ұшақ мыңнан астам сағат ұшқан. Жолаушылардың арасында Гуджарат штатының бұрынғы губернаторы Виджай Рупани бар.