Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Еуропалық одақпен визалық режимді жеңілдету бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Jarialike.kz.
Айбек Смадияров келіссөздер процесі ұзаққа созылатынын, себебі бұл үдеріске тек Қазақстан ғана емес, Шенген аймағына мүше барлық 27 ел де қатысатынын айтты. Осыған байланысты ол виза алу үшін құжат тапсырып жатқан қазақстандықтарды ережелерді сақтап, қажетті ақпаратты шынайы түрде ұсынуға шақырды.
Визалық режимді жеңілдету – бұл бір күнде шешілетін мәселе емес. Бұл өте күрделі әрі кешенді үдеріс. Оған Қазақстан және Шенгеннің барлық елдері қатысады. Көптеген жалған құжаттар, фейк анықтамалар анықталып жатыр немесе берілген мәліметтер сапардың нақты мақсатына сәйкес келмейді. Бұл жайттар жеке азаматтың ғана емес, болашақта Шенген елдеріне барғысы келетін барлық азаматтарымыздың беделіне әсер етеді, –деді ол.
Сондай-ақ Айбек СІМ өкілі консулдық алымды қайтарылу мүмкіндігі туралы да айтты.
Бұл – әлемдік тәжірибе, ешбір елде консулдық алым қайтарылмайды. Біз қазір осы алымды азайту жөнінде келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Алда әлі талқыланатын көптеген мәселелер бар. Менің ойымша, біз еуропалық әріптестерімізбен ортақ мәмілеге келеміз, – деді ол.
Айта кетейік, қазіргі таңда консулдық алым ересектер үшін – 90 еуро (52 567 теңге), балалар үшін – 45 еуро (26 283 теңге) көлемінде белгіленген.