Мәзір
2 ақпан, 2026 / JariaLike / Күн-Жария

Енді Үндістанға баратындар үшін виза тегін болады

Тегін виза Қазақстан азаматтарына Үндістанға демалуға және емделу үшін баратындарға беріледі. Ол 30 күнге рәсімделеді.

Енді Үндістанға баратындар үшін виза тегін болады Енді Үндістанға баратындар үшін виза тегін болады
Ашық дереккөз

Бастама Қазақстан мен Үндістан арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтып, туристік байланысты дамытуға бағытталған. Сыртқы істер министрлігінің өкілі өткен жылы елімізге шамамен 250 мың үндістандық турист келгенін атап өтті. Бұл көрсеткіш екі ел арасындағы туристік қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.

Аталған визаларды Қазақстан Республикасының азаматтары e-Visa онлайн жүйесі арқылы, сондай-ақ Үндістанның Астана және Алматы қалаларындағы дипломатиялық өкілдіктерінде немесе Үндістанның шетелдегі консулдық мекемелерінде рәсімдей алады. Бұл өз кезегінде азаматтарға визаны алу процесін жылдам әрі қолжетімді етпек.

 

Көп оқылды: