Мәзір
Бүгін, 15:04 / JariaLike / Күн-Жария

Бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапановқа қатысты сот үкімі шықты

Ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды

Бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапановқа қатысты сот үкімі шықты Бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапановқа қатысты сот үкімі шықты
КФФ©

Бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапановқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Jarialike.kz.

Астанада Мәдениет және спорт экс-вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты сот үкімі шықты. Ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар Қожағапановқа мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынып, мемлекеттік наградалардан айыру туралы шешім қабылданды.

Іс бойынша екінші айыпталушы SUCCESS K агенттігінің бас директоры Ләззат Көккөзова 5 жылға сотталды. Оған 1 миллиард теңгеден астам материалдық шығынды өтеу міндеттелді.

Еске салайық, Қожағапанов 2018 жылы Петропавлда өткен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумын ұйымдастыруға байланысты жасалған қаржылық бұзушылықтар үшін айыпталған болатын.

Көп оқылды: