Мәзір
7 мамыр, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

Көкшетауда ер адам 14 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді

Ақпаратты облыстық Полиция департаменті растады

Көкшетауда ер адам 14 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді Көкшетауда ер адам 14 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді
Фото: elements.envato.com

Ақмола облысында ер адам 14 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Jarialike.kz

Ақпаратты облыстық Полиция департаменті растады. 

Аталған факті бойынша 1ылмыстық кодекстің “16 жасқа толмаған тұлғамен жыныстық қатынасқа түсу немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, қамауға алынды. Қазір уақытта кешенді тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – делінген Ақмола облыстық Полиция департаментінің хабарламасында. 

Тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында. 

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратта күдіктінің бұрын Қазақстан азаматы болған шетелдік екені айтылған.

Көп оқылды: