Мәзір
Бүгін, 19:40 / JariaLike / Күн-Жария

Экс-депутат Бақытжан Базарбек жол-көлік оқиғасынан соң алғаш рет пікір білдірді

Базарбек асығыс қорытынды жасамауға және тек ресми ақпарат пен тергеу нәтижелеріне сенуге шақырды

Экс-депутат Бақытжан Базарбек жол-көлік оқиғасынан соң алғаш рет пікір білдірді Экс-депутат Бақытжан Базарбек жол-көлік оқиғасынан соң алғаш рет пікір білдірді
t.me/mazhilis_kz

Мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек өзінің қатысуымен болған, ер адам зардап шеккен жол апатына қатысты алғаш рет пікір білдірді. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Jarialike.kz Tengrinews.kz cайтына сілтеме жасап. 

Базарбектің айтуынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында ол және жұбайы жария етпеу туралы қолхатқа қол қойған, сондықтан көп нәрсені жазуға мүмкіндігі жоқ.  

"Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Қазір қажетті сараптамалардың жүргізілуі күтілуде. Тергеп-тексеру органдары заң талаптарына сәйкес болған оқиғаның барлық мән-жайына объективті әрі әділ баға береді деп сенемін", - делінген жазбада.

Сондай-ақ экс-депутат ол үшін қазір ең бастысы - зардап шеккен азаматтың жақындары мен туыстарының қасында болып, оларға қажетті көмек көрсету екенін айтты.

"Біз бірнеше күн бойы іс жүзінде ұйықтамай, оның туған-туыстарымен бірге оның сауығып кетуін тілеп, дұға жасап отырмыз. Көрсетілген шұғыл медициналық көмек үшін аудандық аурухананың барлық дәрігеріне, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасына ерекше алғысымды білдіремін", - деп жазды ол.

Әлеуметтік желілердегі нұсқалар мен алып-қашпа әңгімелерге қатысты Базарбек асығыс қорытынды жасамауға және тек ресми ақпарат пен тергеу нәтижелеріне сенуге шақырды. Сонымен қатар, экс-депутат "осы қиын күндерде алаңдап, қолдау көрсетіп жатқан баршаға" алғыс айтты.

Экс-депутаттың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы

16 тамызда Telegram-арналардың бірінде Жамбыл облысы Рысқұлов ауданында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы жазба жарияланды. Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, Батыс Еуропа - Батыс Қытай тасжолында 36 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Көлік тізгінінде Мәжілістің экс-депутаты Бақытжан Базарбек болғаны айтылды.

Кейін Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен азаматтың жағдайы өте ауыр екенін хабарлады.

Көп оқылды: