“Хутор” қылмыстық ұйымдасқан топтың басшысы деп танылған Хасан Қасымбаевқа қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Jarialike.kz.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов істің барысы туралы айтты.
Бізде қылмыстық істің тергеу нәтижелері бар. Тергеу жұмыстары аяқталды. Хасан Қасымбаевқа тиісті айыптаулар тағылды. Ол қазір қамауда, – деді Санжар Әділов.
Еске салайық, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмған еді.
Жасөспірімді өлтірді деген күдіктілердің көпшілігі сотта кінәларын мойындаудан бас тартқан болатын.