Мәзір
10 сәуір, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

Талғар трагедиясы: Шерзат Полаттың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр

Әжесінің көзінше жүрек тұсына бір рет пышақ сұғып алған

Талғар трагедиясы: Шерзат Полаттың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр Талғар трагедиясы: Шерзат Полаттың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр
Jogargy_sot

Талдықорғандағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Полаттың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Jarialike.kz.

Аталған іс бойынша 9 адамға айып тағылып отыр. Олардың бірі кәмелетке толмаған.

Шерзат Полаттың ісі бойынша прокурор Ержан Құрақбаевтың сөзінше, күдікті пышақты үйінен алып келген.

Күдікті өзімен бірге алып келген ас үй пышағын пайдаланып, Шерзат Полатты қазаға ұшыратуды ойлаған. Қылмыстық ойын іске асыру үшін Шынасыл Полаттың, Нұрымов пен анасының, әжесінің көзінше жүрек тұсына бір рет пышақ сұғып алған. Салдарынан Шерзат Полат асфальтқа отырып қалған, деді прокурор Ержан Құрақбаев.

Сот отырысы алқабилерсіз қаралып жатыр. Сотталушылар іске алқабилерді тартуға қарсы болды.

Қылмыстық іс «Адам өлтіру», «Бұзақылық», «Қорқыту» және «Қылмыс туралы хабарламау» баптары бойынша қозғалған.

 

Көп оқылды: