Қостанайда ата-ана 7 жасар қызының өліміне дәрігерлерді айыптап жатыр, деп хабарлайды Jarialike.kz Tobolinfo.kz сайтына сілтеме жасап.
7 жасар Раяна Қабжанова бір айға жуық респираторлық дерттен емделген. Марқұмның ата-анасы қызының өліміне №3 емхананың дәрігерлерін, жедел жәрдем мен балалар ауруханасының қызметкерлерін айыптады.
Анасының айтуынша, 28 ақпанда балада жөтел пайда болып, №3 емханада антибиотиктер мен шәрбат ішуді ұсынған. 7 наурызда дәрігер мектепке баруға рұқсат берген. Бірнеше күннен соң баланың ауруы асқынып, отбасы қайта емханаға жүгінген. Диагноз – ангина, бұған симпоматикалық ем тағайындалыпты.
Бізді қызымызда ангина, тамағын шайқау керек деп сендірді. 14 наурызда Ткачукке жүгініп, антибиотиктерді ауыстыруды сұрады. Ол айтқанымызды істеді, бірақ температура түспеді, – деді анасы.
Дәрігерге қайта жүгінгенде баланы емханаға жатқызған. "Цефазолин" салса да, қыздың қызуы қайтпаған. Ауруханада уақытылы көмек көрсетпеді деді анасы.
Ақылы палатаға ауыстырған соң қызға пневмония деген диагноз қойылған. 18 наурызда баланы жансақтау бөліміне жатқызыпты.
18 наурызда 16:00-де жұбайым ауруханаға барып, қыздың жағдайын сұрады. Бәрі жақсы деп жауап берген. Біздің Раянамыз 18-нен 19 наурызға қараған түні жан тапсырды, – деді марқұмның әкесі Рүстем.
Ерлі-зайыпты полицияға арыз түсірген.