Мәзір
Бүгін, 00:41 / JariaLike / Күн-Жария

Дәрігерді соққыға жықса да, қостанайлық тұрғынға шыққан үкім өзгермеді

Соққыдан дәрігер бас сүйек-ми жарақатын алған

Дәрігерді соққыға жықса да, қостанайлық тұрғынға шыққан үкім өзгермеді Дәрігерді соққыға жықса да, қостанайлық тұрғынға шыққан үкім өзгермеді
видеодан скрин

Қостанай облыстық сотының алқасы дәрігерге абайсызда ауыр жарақат келтірген ер адамға қатысты үкімді күшінде қалдырды, деп хабарлайды Jarialike.kz Аlmaty.tv арнасына сілтеме жасап. 

Соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, іс материалдарына сәйкес, шілде айында ер адам қабылдау кезінде уролог-дәрігермен сөзге келіп, оның бет тұсына жұдырықпен соққы жасаған. Соққыдан дәрігер қабырғаға соғылып, бас сүйек-ми жарақатын алған.

Сотталушының әрекеті абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру деп бағаланып, Қостанай қаласының №2 соты оған алты ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

Апелляциялық шағымды қараған сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Көп оқылды: