Мәзір
6 сәуір, 2025 / JariaLike / Күн-Жария

«Қазақтың 75 пайыз сөзі арабтыкі» деген уағызшы Алматыдан мейрамхана ашты

«Садақа жәшігінің ақшалары қайда кетіп жатыр, енді түсінген шығарсыңдар»

«Қазақтың 75 пайыз сөзі арабтыкі» деген уағызшы Алматыдан мейрамхана ашты «Қазақтың 75 пайыз сөзі арабтыкі» деген уағызшы Алматыдан мейрамхана ашты
Фото: ашық дереккөз

Democrat.kz сайтының жазуынша, жұртқа «қазақтың 75 пайыз сөзі арабтыкі» деп сүйкімін жоғалтқан Қабылбек уағызшы хан сарайындай мейрамхана ашқан, деп хабарлайды Jarialike.kz.

Алматы қаласында «OTAU» атты халал мейрамхана ашқан уағызшының жаңалығын шәкірттері мәлім еткен.

Қазақы нақышпен безендірілген ресторанның ішінде қазақтың оюлы шапанын кигендер домбыра шертіп отыр.

Тағы бір қызығы, Башқұрт қызының «Ұмай» әні үшін өңештері жыртылғанша сын айтқан діншіл қауым бұл жарнама видеосын Ұлы Түркілердің тарихынан сыр шертетін сол әнмен беріпті.

«Имамдарда ақша жоқ дейсіңдер, ал көріңдер», «садақа жәшігінің ақшалары қайда кетіп жатыр, енді түсінген шығарсыңдар», «бұлар надан дүмшелердің арқасында шалқып жүр» дегенге саятын пікірлер жазған оқырман Қабылбек уағызшыны сын тезіне алды.

 

Көп оқылды: