Жетісуда 2 млн теңге үшін серіктесін өлтірген азамат сотталды. Бұл туралы облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап Jarialike.kz хабарлайды..
Сотта А.-ға қатысты «Кісі өлтіру және бөтеннің мүлкін қасақана жою» фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды. Тергеу дерегінше, серіктестер арасындағы дау шаруа қожалығын сату туралы ұсыныстан басталған. Алайда Б. оған келіспей, А.-дан « 2 млн теңге ақшамды қайтарып бер» деп талап етеді. Б. оған жұдырық ала жүгіреді. Ашуға булыққан А. пышақ алып, оның мойны мен ішіне сұғып, өлтіреді. Кейін қылмысын жасыру үшін марқұмды көлігімен бірге қала сыртына апарып, өртеп жібереді.
Сот үкімімен А. барлық бап бойынша кінәлі деп танылып, 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына 27 миллион теңгеден астам моральдық және материалдық шығын өндіру туралы шешім шығарылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, - деп мәлімдеді Жетісу облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.